depositphotos.com
- 14 мая 2026 18:00
- 20
Қазақстандықтардың 250 миллиард теңге қарызы кешіріледі: банкроттыққа кімдер өтініш бере алады?
Қазақстанда 66 мыңнан астам адамның борышы кешіріледі. Бұл туралы Сенат отырысынан тыс тілшілерге Мемлекеттік кірістер комитетінің (МКК) банкроттық туралы жұмыс басқармасының басшысы Меруерт Сисембаева мәлімдеді.
Сисембаеваның айтуынша, тек соттан тыс банкроттық рәсімі арқылы шамамен 132 миллиард теңге қарыз кешірілуі жоспарлануда.
Анықтама: Соттан тыс банкроттық – бұл сотсыз өтетін, борыштарды кешірудің жеңілдетілген рәсімі. Адам жай ғана өтініш береді, мемлекет оның борыштары мен мүлкін тексереді. Егер шарттар сәйкес келсе, сот процесінсіз-ақ борыштар кешіріледі.
Ол жалпы екі түрлі банкроттық рәсімі бойынша шамамен 66,6 мың адам банкрот деп танылғанын айтты.
Қарыздарды кешіру көлемі
«Жалпы екі рәсім бойынша 66 600 адам банкрот деп танылды және олар бойынша 250 миллиард теңге қарыз кешірілуге тиіс», - деді басқарма басшысы.
Бұған дейін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі кейбір қазақстандықтар табысы мен мүлкін тексерместен мерзімі өткен несиелерін кешіре алатынын хабарлаған болатын. Егер адам несиесін 5 жылдан астам уақыт бойы төлемесе, оның табысы мен мүлкіне қарамастан, қарызы автоматты түрде кешірілуі мүмкін. Сондай-ақ, Қазақстанда «проактивті банкроттық» енгізілуде: мемлекет өзі мұндай борышкерлерді анықтап, оларға SMS арқылы борыштарын кешіру туралы ұсыныс жібереді.
Банкроттықтың салдары
Банкроттық тек борыштарды кешіру ғана емес, сонымен қатар шектеулердің енгізілетінін ескерген жөн. Егер борыш кешірілсе, адамға мынадай шектеулер қойылады:
Банкроттыққа қалай өтініш беруге болады?
Банкроттық рәсімі орта есеппен 6 айға дейін созылады және оның екі түрі бар – соттан тыс және сот арқылы жүзеге асырылатын банкроттық.
Анықтама: Соттан тыс банкроттық – банктер мен микроқаржы ұйымдары алдындағы борық 1600 АЕК-тен (2026 жылы шамамен 7 миллион теңге) аспаған, мүлкі жоқ және 12 айдан астам мерзімі өткен, реттеу әрекеттері жасалған жағдайда қолданылады.
Соттан тыс банкроттық – ең қарапайым нұсқа:
Бұл рәсім eGov.kz порталында және e-Salyq Azamat, eGov Mobile мобильді қосымшаларында немесе Халыққа қызмет көрсету орталығының (ХҚО) жақын бөлімшесі арқылы қағаз түрінде жасалады.
Соттық банкроттық жағдай күрделі болғанда – яғни борық 1600 АЕК-тен жоғары және мүлік бар болғанда қолданылады. Ол кезде мыналарды талап етеді:
Осы деректермен сотқа жүгіну қажет, сот шешім қабылдайды.
Естеріңізге сала кетейік, 1 шілдеден бастап Қазақстанда несие беру ережелері өзгереді. Банктер клиенттердің төлем қабілеттілігін қатаң бағалай бастайды. Бұл жаңа көрсеткіштерді – борыштық жүктеме коэффициентін және табысқа қатысты борыш коэффициентін енгізуді қамтиды. Адамның табысының қанша бөлігі несиелер мен басқа да міндетті төлемдерге жұмсалатыны көрсетіледі. Бұл көрсеткіш неғұрлым жоғары болса, жаңа қарыз алу мүмкіндігі соғұрлым аз болады.