Последнее обновление

(Время обновление 4 минуты назад)
Қазақстандықтардың жеке деректері интернетте сатылған: сатып алушылар арасында МҚҰ мен коллекторлар болған

Қазақстанда азаматтардың жеке мәліметтерін заңсыз жинап, интернетте сатқан қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады. Ұйымдасқан топтың қызметі наурыз айында Астана және Алматы қалаларында прокуратураның үйлестіруімен жолға қойылған.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тергеу материалдарына сәйкес, қылмыстық іске тартылған тұлғалар заңсыз жолмен алған азаматтардың деректерін интернет арқылы сатқан. Олардың клиенттері арасында кейбір микроқаржы ұйымдарының (МҚҰ) және коллекторлық агенттіктердің өкілдері, сондай-ақ жеке тұлғалар болған.

Қылмыстық іс үш бап бойынша тергелуде

Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде:

Тінту кезінде тәркіленген заттар қатарында компьютерлік техникалар, электронды ақпарат жеткізгіштер, қомақты ақша сомасы және басқа да заттай дәлелдемелер бар.

Новости

Реклама