depositphotos.com
- 16 февр. 2026 13:30
- 21
Қазақстанға 20 градусқа дейін жылы ауа райы келе жатыр
Қазақстанға жақын күндері жылы ауа райы келеді. Синоптиктердің болжамы бойынша, кейбір өңірлерде температура 20 градусқа дейін көтеріледі.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Циклон Қазақстанды шарпымақ
Алдағы үш күнде Орал таулары маңынан ығысқан циклон Қазақстан аумағы арқылы өтіп, жауын-шашын, көктайғақ, боранмен бірге желдің күшеюіне себеп болады.
Алайда, 18 ақпаннан бастап циклонның тыл жағынан Хельсинки ауданынан антициклон ығыса бастайды. Бұл елдің солтүстігінде температураның төмендеп, жауын-шашынның біртіндеп тоқталуына әкеледі.
Температура қандай болады?
Еліміздің солтүстігінде түнде ауа температурасы 18-23 градус аязға дейін төмендейді.
Ал оңтүстік өңірлерде күндіз ауа температурасы 15-20 градус жылылыққа дейін көтеріледі. Бұл Қара теңіз аудандарынан ығысқан кезекті циклонның әсерімен байланысты болады.
Ақпанның тосын сыйлары
Бұған дейін синоптиктер ақпан айына арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын ұсынған болатын. Ақпан айы әдеттегіден жылырақ болып, жауын-шашын мөлшері орташа болады деп күтілуде. Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормадан 1-2 градус жоғары болады. Республиканың оңтүстік-шығысында температуралық фон норма шамасында сақталады.