depositphotos.com
- 13 апр. 2026 12:30
- 66
Қазақстанға қар мен 8 градусқа дейінгі аяз келеді
Қазгидромет синоптиктері 14, 15 және 16 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады. Еліміздің көптеген өңірлерінде жауын-шашынды, салқын ауа райы күтіледі.
Алдағы күндері Қазақстанның солтүстік өңірлерінде температура нөлден төмен түсіп, жаңбырдың қарға ұласуы, көктайғақ болуы ықтимал. Батыста, 16 сәуірде оңтүстікте, 15-16 сәуірде солтүстік пен орталықта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Шығыста 14 сәуірде түнде қатты жауын-шашын күтіледі.
Республика бойынша тұман мен желдің күшеюі болжанып отыр.
Температура қандай болады?
Ауа температурасының төмендеуі күтіледі: