Последнее обновление

(Время обновление 8 минут назад)
Қазақстанның курорттары туристерді қабылдауға дайын емес: қоқыс жәшіктері, жағажайлар мен канализация жоқ

Жазғы демалыс маусымы қарсаңында Қазақстанның туристік орындарындағы инфрақұрылымның нашарлығы алаңдаушылық тудыруда. Туризмді дамыту концепциясында жағажайдағы демалыс басымдықтардың бірі болғанымен, кейбір аймақтар әлі күнге дейін туристерді лайықты деңгейде қабылдай алмай отыр.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жағажайлардағы жағдай қандай?

Туризмді дамыту министрі Ербол Мырзабосыновтың айтуынша, кейбір өңірлерде жағажай инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары оң нәтиже берген. Мысалы, Қапшағай су қоймасының жағалауындағы коммуналдық жағажайлар жаңартылған. Алайда, бірқатар аймақтарда бұл мәселелер әлі күнге дейін шешімін таппай келеді.

Алакөл мен Балқаш: Коммуналдық жағдайларсыз демалыс

Әсіресе, Алакөл көлі маңындағы жағдай күрделі. Жетісу облысында көл жағалауын бекіту жұмыстары жүргізілгенімен, қаржының жетіспеушілігінен жұмыстар баяу ілгерілеп жатыр. Ал Абай облысы жағынан Алакөл жағалауында электрмен жабдықтау, жағалауды бекіту, айналма жол құрылысы, тұрмыстық қалдықтар полигоны сияқты маңызды инфрақұрылымдық жобалар әлі басталмаған.

Қарағанды облысының Торанғұл ауылында да Балқаш көліне келетін демалушылар үшін су құбырының құрылысына қаражат жетпей отыр.

Бурабайдағы мәселелер

Бурабай курорттық аймағында да кемшіліктер жетерлік. Министрдің мойындауынша, жергілікті көлдердің жағалауын дайындау сапасы төмен, сондай-ақ инфрақұрылымдық жобалар аяқталмаған. Щучинск-Бурабай курорттық аймағында Громотуха өзені арқылы өтетін көпір құрылысына және курорт аумағындағы көлік жүктемесін азайтуға бағытталған жол инфрақұрылымын жаңғырту жобаларына қаржы бөлу қажет.

Ербол Мырзабосыновтың айтуынша, қазақстандық жағажай туризміндегі проблемаларды шешу үшін қосымша қаржыландыру мен республикалық деңгейде қолдау қажет. Алайда, қанша қаражат қажет екені нақтыланбады.

Былтыр Алакөлдегі жабайы жағдай тіпті ел президентінің ашуын келтіріп, реттеу туралы тапсырма берген болатын. Сол кезде де курортқа жеткілікті қаржы бөлінгенімен, негізгі мәселелер әлі шешімін таппаған.

Новости

Реклама