Последнее обновление

(Время обновление 1 минуту назад)
Қазақстанның U-19 құрамасы Сербияны жеңіп, Еуропа чемпионатына іріктеуде топ жарды

Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Сербияны 3:1 есебімен тізе бүктіріп, Еуро-2027 іріктеу турнирінде топтық кезеңде бірінші орынға шықты. Бұл жеңіс арқасында жас «Айбындылар» топтағы турнирлік кестеде Сербияны артқа тастап, көш бастады.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Матч барысы

Кездесуде алғашқы голды 9-минутта сербиялық команда соқты. Алайда, 25-минутта «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Төре Ісмұхамбетов таразы басын теңестірді. Екінші таймда, 47 және 51-минуттарда «Қайраттың» вингері Ісләмбек Болат дубль жасап, командасын алға шығарды.

Қалған уақытта қазақстандық футболшылар ойынды өз бақылауында ұстап, қарсыласқа мүмкіндік бермеді. Матчтың қорытынды есебі – 3:1 Қазақстанның пайдасына шешілді.

Турнир кестесі

Осы жеңіс арқасында Қазақстан құрамасы 4 ұпай жинап, топта бірінші орынға көтерілді. Сербия 3 ұпаймен екінші орында, Португалия 1 ұпаймен үшінші, ал Греция әлі ұпай еншілей алмады.

Іріктеу кезеңінің келесі сатысына топтан үздік 3 команда шығады.

Бұған дейін Қазақстанның 19 жасқа дейінгі құрамасы Португалиямен тең ойнаған болатын.

Новости

Реклама