Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №9 Балауса балабақшасының тәрбиешісі
Алпысбаева Күміскүл Әбдіғаниқызы
Мектепалды даярлық тобы
Қош келдіңіз,әз – Наурызым!
Құрметті: Ата-аналар, әріптестерім және осы ертеңгілікке келіп отырған қонақтар! Бүгін II-кішкентайлар тобында Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін тойлағалы отырмыз. Наурыз мерекесі сіздерге: жаңа бақыт, қуаныш, отбасыларыңызға береке –бірлік әкелсін ! «Қош келдіңіз,
Әз - Наурызым » атты мерекелік ертеңгілігімізді ашып беру үшін балабақша меңгерушісі:
Аширбекова Ұлжамал апайымызға сөз береміз
Тәрбиеші: Наурыз тойы-көңіл тойы, көктем тойы
Жақсылық бола берсін өмір бойы
Биыл да былтырғыдай ақ көбейсін
Елдегі бақыт байлық, бақ көбейсін
Наурыз құтты болсын ағаларға
Наурыз құтты болсын аналарға
Жыл сайын тойланатын мәңгі бақи
Наурыз құтты болсын баршамызға
Екі қыз кезекпенен шашу шашады:
Айерке - Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Аұнұр - Қайда барсаң жол болсын!
Елімізде бақыт, байлық болсын!
Хор: Дастархан
Балалар Наурыз айында күн мен түн теңеледі.
Енді ортаға Наурыз айын шақырайық
Наурыз: Жайнатамын бар гүлді
Сайратамын бар бұлбұлды
Айерке: Төгілтіп ән-күй, жырды
Мейрамдайық бұл күнді,
Тіршіліктің бастауы, Наурыз айы мен болам!
Күн: Ақнұр - Сәулелі мол күнмін!
Түн: Айерке - Жұлдызы мол түнмін!
Күнмен түн қосылып
Ұзақтығы бірдей болып
Теңелеміз бұл күні
Кезекті тақпаққа береміз
Қ.Мерей - Армысыздар халайық!
Әркез аман болайық
Наурыз тойын қуанып
Жылды бір қарсы алайық
Мағауия: Наурыз күні той думан
Ортамызды ашайық
Ән мен күйді төгілдіріп
Інжу маржан шашайық
Ж. Мерей: Жақсылыққа бас болып
Алдымызға ас болып
Келген Наурыз құт болсын
Берері тағы мол болсын!
Ж. Дильназ: Ата-бабам тойлаған
Наурызым армысың
Қызығына тоймаған
Дархан дала, қырлы шың
Меруерт: Наурыз келді балалар
Көктемді қыр жағалар
Наурыз тойын тойлайық
Жаңа жылды қарсы алайық
Нұрсәуле: Ал, балалар ойнайық
Ойнайық та, ойлайық
Күні, түні он үш күн
Наурыз тойын тойлайық
Ақнұр: Уа, ағайын, халайық
Мұнда назар салайық!
Мерекесі халықтың
Наурыз тойын бастайық!
Бейбарыс: Жылдың басы Наурыз
Жердің басы Наурыз
Мерекеге арналсын
Бүгінгі жыр әніміз
Аяжан: Наурыз келді - жыл келді
Тірілтуге гүлдерді
Сәнденеді аналар
Сәбилермен бірге енді
Нұрдәулет: Күттіріп келген жыл басы
Бізбенен бірге жырлашы
Дастарханыма елімнің
Береке – ырыс сыйлашы
С.Дильназ: Әнім де саған, биімде
Құт қонақ өзің үнімде
Қуаныш сыйлап еліме
Күнімде Наурыз, күнімде
Хор: Достық жыры
Жеке нөмірлерде:
1. Көктем вальсі. Орындайтын Айерке
2. Қазақ биі. Орындайтын бір топ биші
«Қош келдің, әз-Наурызым» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!
Наурыз көже:
Бата беру:
Қош келдіңіз, әз - Наурызым
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №9 Балауса балабақшасының тәрбиешісі
4 марта 2024 г.657 просмотров

#наурыз#бала бақша#мерекелік сценарий
Рекомендуем
Новый дуэт: Жигер Ауыпбаев и его на 15 лет младшая жена удивили всех своим талантом (ВИДЕО)
Певец Жигер Ауыпбаев показал, как его жена Мумина, которая на 15 лет младше, играет на домбре. Артист удивлен талантом супруги, а пользователи Сети в восторге.
14 мин назад
Молдир Мукан объединила три семейных торжества в один праздник
Певица Молдир Мукан отметила окончание университета дочери, выпускной второй дочери и сундет-той сына, объединив три торжества в один праздник.
14 мин назад
Испания стала первым финалистом ЧМ-2026 по футболу
Сборная Испании разгромила Францию 2:0 в полуфинале ЧМ-2026 и стала первым финалистом. Голы забили Оярсабаль и Порро. Финал 20 июля с победителем пары Англия-Аргентина.
34 мин назад
← НазадИсточник: bilimdiler.kz

