Последнее обновление

(Время обновление 5 минут назад)
"Қуанып тұрмын": Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқан қайта қосылды ма?

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бірінші әйелі Мөлдір Мұқановамен бірге түскен суреттерін Instagram-дағы парақшасына қайта жүктеуі желіде қызу талқыға түсті. Бұл жағдай көпшіліктің отбасылық қарым-қатынастарға қатысты түрлі болжам жасауына себеп болды.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желі қолданушыларының байқауынша, осы жағдайдан кейін Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айманның әлеуметтік желідегі парақшасы да көзден жоғалған. Сонымен қатар, оның Тұрсынбек Қабатовпен бірге түскен суреттерін өшіргені де көпшілік назарынан тыс қалмады.

Желідегі пікірталас

Threads желісіндегі қолданушылардың бірі бұл жағдайға қатысты ойын білдіріп, жұрт арасында түрлі болжам туғызды. «Тұрсынбек Мөлдірмен түскен фотоларын инстасына шығарып қойыпты. Қуанып тұрмын. Айман әпшеміз инстадан жоқ болды. Ол да екеу түскен суреттерін алып тастағанын байқаған едім. Не болды екен?» – деп жазды желі қолданушысы.

Осыдан кейін әлеуметтік желіде пікірталас қыза түсті. Көпшілік әзілкештің отбасылық өміріне қатысты түрлі ой айтып, әсіресе балалардың тағдырына алаңдаушылық білдірді. «Мөлдір қайта қабылдаса, дұрыс шығар», «Жақсы белгі болса екен», «Ат айналып қазығын табады», «Ешқашан біреудің отбасын бұзбаңыздар», «Ортадағы балаларға обал», – деп жазды желі қолданушылары.

Новости

Реклама