Последнее обновление

(Время обновление 4 минуты назад)
Қырғызстанда жер сілкінісі тіркелді: сейсмологтардың мәліметі

Қазақстан сейсмологтары көрші Қырғызстан аумағында жер сілкінісін тіркеді. Бұл туралы сейсмологиялық станциялар желісі хабарлады.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстандық сейсмологтардың дерегінше, жер сілкінісі 2 сәуірде Астана уақытымен таңғы сағат 04:28-де болған. Зілзаланың магнитудасы 4,9-ға жетті.

Жер сілкінісінің ошағы мен қарқындылығы

Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының сейсмология институтының мәліметіне сүйенсек, зілзала ошағы Өзген қаласынан 3 шақырым, Құршаб ауылынан 5 шақырым, Қара-Суу қаласынан 30 шақырым және Ош қаласынан 45 шақырым жерде орналасқан.

Тұрғын пункттерде жер сілкінісінің қарқындылығы мынадай болды:

Бұған дейін, 31 наурызда Жетісу облысында үш рет жер сілкінісі тіркелген болатын. Алғашқы зілзала 31 наурызға қараған түні болды, магнитудасы 4,4 баллды құрады. Екінші жер сілкінісі күндізгі сағат 11:11-де орын алды. Үшінші дүмпу сағат 13:23-те тіркелді.

Новости

Реклама