Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
Қытайдан Қазақстанға қоныс аударушылар легі артты

Биылғы жылдың қаңтар-наурыз айларында Қытайдан Қазақстанға тұрақты тұруға келген азаматтардың саны күрт артты. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда үш есеге жуық жоғары. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қытай Ресейді қуып жетті

ПКБ деректеріне сүйенсек, бірінші тоқсандағы мұндай жоғары көрсеткіш соңғы тоғыз жылда тіркелмеген. Қазіргі таңда Қытай Қазақстанға иммигранттар саны бойынша үшінші орында тұр. Ресейден келгендер санымен салыстырғанда айырмашылық аз. Бірінші тоқсанда Ресейден 1265 адам көшіп келген, бұл Қытайдан келгендерден небәрі бес адамға артық. Ал көшбасшы – Өзбекстан. Одан 2275 адам келгенімен, бұл көрсеткіш 13%-ға азайған.

ПКБ мамандары Қытайдан келгендердің 99,5%-ы – қазақ ұлтының өкілдері екенін атап өтті. Олар көбінесе Астана, Алматы қалалары мен Алматы және Жетісу облыстарын қоныс етеді.

«Соңғы екі жылдағы жоғары көрсеткіштер қытайлық иммигранттар белсенділігінің арта бастағанын көрсетеді. Осы тұрғыдан алғанда, бірінші тоқсандағы мықты нәтиже оның жалғасатынын білдіруі мүмкін», – дейді сарапшылар.

Новости

Реклама