Последнее обновление

(Время обновление 2 недели назад)
Қызылордада кәуапшы кафе иесінің қолын шапқан

 

Қызылорда қаласындағы дәмханалардың бірінде жантүршігерлік оқиға орын алды. Кафені басқаратын әйел мен сол жерде жұмыс істейтін кәуапшы арасында жанжал шығып, соңы ауыр дене жарақатымен аяқталған.

Куәгерлердің айтуынша, жанжалға кәуапшының жұмыс уақытында спирттік ішімдік ішіп, ойын ойнауы себеп болған. Бұл жағдайға наразы болған жұмыс беруші ескерту жасаған кезде, ашуға булыққан ер адам ет шабатын балтаны алып, дәмхана иесіне шабуылдаған. Салдарынан әйел адамның қол саусақтары ауыр жарақат алып, медициналық көмекке жүгінуге мәжбүр болды.

Жәбірленушінің адвокатының айтуынша, күдікті әлі күнге дейін бостандықта жүр. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдарына шағым түсіріліп, оқиғаны жан-жақты тергеу және күдіктіні жауапкершілікке тарту талап етілуде.

Оқиға қоғамда үлкен резонанс туғызып отыр. Жәбірленуші тарап кінәлі азаматтың әділ жазаланатынына үміт білдіруде.

You Might Also Like

Новости

Реклама