Последнее обновление

(Время обновление 2 минуты назад)
«Қызым менсіз есейді»: Мұхтар Жәкішев алғаш рет ұзату тойы туралы жазды

Кәсіпкер Мұхтар Жәкішев жақында ғана қызы Алтынайдың ұзату тойын өткізіп, бұл қуанышты сәтті әлеуметтік желіде бөлісті. Ол тойдың мәні жайлы тебірене жазды.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тойдың ерекше мәні

Мұхтар Жәкішев қызының бақытты болуына шын жүректен қуанғанын жеткізді. Оның айтуынша, Алтынай мен күйеу жігіт Карл алты жылдан бері таныс және олардың махаббаты шынайы. Кәсіпкер күйеу баласының азаматтық ұстанымын, мақсаттарын, еңбекқорлығы мен білімін жоғары бағалайтынын айтты. Алайда, ең бастысы – оның қызын шын сүйетіні.

Бұл той Жәкішев үшін ерекше маңызға ие болды. Өйткені, оның үлкен қызы тұрмысқа шыққанда, ол түрмеде отырған. Сол кезде әке ретінде тек хат арқылы ақ тілегін білдіре алған.

Әке мен қызының тағдыры

Жәкішевтің қызы Алтынайды ұзату тойында сөз сөйлеу мүмкіндігінің өзі оған үлкен бақыт сыйлаған. Ол өзінің тұтқындалуы кезінде Алтынайдың небәрі 9 жаста болғанын еске алды. Бостандыққа шыққанда қызы жиырмаға толған, яғни ол әкесінсіз есейген.

«Мені тұтқындағанда Алтынай не бары 9 жаста ғана еді. Бостандыққа шыққанымда ол жиырмаға толыпты. Ол менсіз есейді», – деп жазды кәсіпкер.

Ол сондай-ақ, қызының бала күнінде әкесіне көрсетілген қысымнан кейін туған үйінен жырақта, бөтен елде өсуге мәжбүр болғанын айтты. Жаңа ортада, жат тілде білім алған Алтынай қиындықтарға төтеп беріп, мектеп пен университетті аяқтап, кәсіби журналист және табысты модель ретінде қалыптасқанына мақтаныш білдірді.

Мақтаныш пен өкініш

Жәкішев қызының әлемдік брендтермен жұмыс істеп, жетістікке жеткенін мақтан тұтатынын жеткізді. Алайда, өзінің қолдауы ең қажет кезде жанында бола алмағанына өкінішін білдірді.

Тойға келген қонақтарға және ақ тілегін білдірген жандарға алғыс айтты. Сондай-ақ, кейбір орынсыз пікірлерге жауап беріп, намыстың ұлтпен емес, адамның ары мен абыройымен өлшенетінін атап өтті.

Новости

Реклама