Photo: Ayazhan (https://www.pexels.com/@ayazhan-3173683) / Pexels
- 01 мая 2026 13:00
- 25
Ресейлік стилисттің Қазақстандағы жұмысы үшін алған гонорары таң қалдырды
Ресейлік визажист әрі стилист Роберт Минасян Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаевамен жұмыс істеген кезеңін еске алып, сол қызметі үшін алған қомақты гонорары жайлы айтты.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Стилисттің Қазақстанға сапары
Минасянның айтуынша, оқиға шамамен 2002 жылдары болған. Ол Әлия Назарбаеваның туған күніне дайындық жасау үшін арнайы Алматыға шақырылған. Стилист Мәскеуден ұшып келіп, Қазақстанда бірнеше күн бойы болған.
"Бес күндей сол жерде тұрдым, бәрі еркін әрі жайлы өтті. Күн сайын қыдырып, демалдық. Бір ғана макияж үшін маған шамамен 10 мың доллар төледі", – дейді ол.
Әлия Назарбаеваның танысы және қымбат сөмке
Стилист сонымен қатар Әлия Назарбаеваның Светлана есімді құрбысымен танысқанын да еске алды. Оның айтуынша, бұл әйел алмаз бизнесімен айналысқан және кездесуге қолтырауын терісінен тігілген Hermès Birkin сөмкесімен келген.
Минасян бұл сөмкені алғаш рет сол кезде көргенін айтып, оның бағасы шамамен 50 мың доллар болғанын атап өтті. Оның сөзінше, сол кезеңде Birkin сөмкесі сирек кездесетін әрі жоғары мәртебенің белгісі саналатын аксессуарлардың бірі болған.
-
Маңғыстау облысындағы Шетпе ауылының тұрғыны қоғамдық орындарды ластағаны үшін 40 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды.
-
A renowned Russian makeup artist and stylist disclosed the substantial fee he received for preparing Aliya Nazarbayeva's birthday celebration in Kazakhstan.