Последнее обновление

(Время обновление 2 месяца назад)
Руслан Берденов өзін атуға оқталған күдіктінің мәлімдемесіне жауап берді

Қызмет бабында қастандыққа ұшыраған шенеунік Руслан Берденов күдікті Ерлан Жиенбайдың соттағы сөзіне байланысты ресми түсініктеме берді. Оның айтуынша, қақтығыстың түп тамыры – кәсіби және келісімшарттық міндеттемелерге байланысты болған.

"Қақтығыстың түп-төркіні — кәсіби, қызметтік сипатта. Жауапкер келісім аясындағы жұмысын адал атқарғысы келмеді, есеп беруден жалтарды. Мен тек ашықтық пен міндеттемелердің орындалуын талап еттім. Ал қоғам назарын "қызғаныш", "жеке қатынас", "жұбайы" секілді жалған себептерге бұру — манипуляция, шындықтан алыстату. Мен оның жұбайын да, отбасын да танымаймын. Ол мен үшін тек мердігер еді", — деді Берденов.

Сондай-ақ, ол Жиенбайдың сотта айтқан “Берденов қастандыққа Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков тапсырыс берді деп айтуымды сұрады” деген мәлімдемесін де теріске шығарды.

Шенеунік денесінде оқ жарақатының салдары әлі бар екенін айтып, рентген суреттерін жариялады. Сол себепті сот процесіне жеке қатыса алмайтынын мәлімдеді.

 Қылмыстық істің сотта қаралуы жалғасып жатыр. Руслан Берденов тарапынан берілген жауап қоғамда үлкен резонанс тудырды.

You Might Also Like

Новости

Реклама