Последнее обновление

(Время обновление 2 часа назад)
Рысбала Икрамбай баласының диагнозын айтып, жан сырын ақтарды

Танымал блогер Рысбала Икрамбай соңғы уақытта отбасында болып жатқан қиындықтарды ашық айтып, көпшілікті толғандырды. Ол баласының денсаулығына қатысты алаңдаушылығы күшейгенін жеткізіп, соңғы күндері көңіл-күйінің жиі құбылып жүргенін жасырмады.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Рысбала Икрамбай бұған дейін бір баласына «ЗПР» диагнозы қойылғанын айтқан болатын. Жақында төртінші баласы Расулдың атын атағанда назар аудармайтынын байқаған соң, ананың жүрегіне күдік ұялапты. Уақыт оздырмай дәрігерге жүгінгенде, дәрігердің «өзіңіз де түсініп тұрсыз ғой» деген сөзінен кейін Рысбаланың көз жасы көл-көсір болып ақты.

Қазіргі таңда Рысбала екінші баласының денсаулығын қалпына келтіруге бар күшін салып, ем-дом жасап жатқанын айтты. Блогердің бұл жазбасынан кейін желі қолданушылары оған жылы лебіздерін білдіріп, қолдау көрсетті. Көпшілік анаға сабыр тілеп, балаларының амандығын тіледі.

Новости

Реклама