Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
Сәкен Майғазиевтің құдағиының құрметі: «Құда деген осындай болу керек» деп жұрт сүйсінді

Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің Ақтаудағы концерті кезінде құдағиының көрсеткен ерекше ықыласы көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Әншінің өзі құдағиының қонақжайлылығы мен сый-құрметіне ризашылығын білдіріп, желіде бөлісті.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"МузАРТ" тобымен бірге Қазақстанның қалаларын аралап, концерт беріп жүрген Сәкен Майғазиев Ақтаудағы кездесуінде құдағиының ерекше қамқорлығына таң қалды. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында құдағиының күн сайын шашу шашып, құттықтап, тіпті арнайы дайындалған торт әкелгенін айтып, алғысын жеткізді.

Құдағидың құрметі жұртты сүйсінтті

Әншінің бұл жазбасы көпшіліктің назарын аударып, желі қолданушылары екі тараптың өзара сыйластығына, құдалық дәстүрінің көркем көрінісіне тәнті болды. Пікір қалдырушылар:

"Құдалықтарың мың жылдық болсын", "Құданы Құдай қосады деген осы", "Міне, нағыз құдалар осындай болу керек екен" деп, жылы лебіздерін білдірді.

Новости

Реклама