Последнее обновление

(Время обновление 17 минут назад)
Сандары үшін сапырылған қаржы: Қазақстандықтар "сәнді" нөмірлерге қыруар ақша төлеуде

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандық жүргізушілерге автокөліктеріне кез келген сандық және әріптік тіркесімді таңдау мүмкіндігі берілді. Бұл жаңалық автокөлік иелері арасында үлкен қызығушылық тудырды. Tengri Auto бұл қызметті қанша адам пайдаланғанын анықтады.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ерікті әріп-сан тіркесімдері бар нөмірлер енгізілгеннен кейінгі алғашқы айда 144 329 өтінім келіп түскен, оның ішінде 137 631 мемлекеттік тіркеу нөмірі (МТН) берілді.

Қандай комбинацияларға сұраныс жоғары екені туралы статистика жүргізілмегенімен, берілген МТН санына қарап-ақ халықтың бұл жаңалыққа қызығушылығын байқауға болады. Әрбір "сәнді" нөмірдің құны 10 АЕК немесе 43 250 теңге тұрады. Осы сомаға 123AZA01, 321ERA02, 069ARA03 сияқты комбинацияларды алуға болады.

Тек берілген 137 631 МТН есептегенде, оларды рәсімдеу бюджетке 5 952 540 750 теңге табыс әкелді.

Арнайы ХҚО-лардағы ажіотаж

5 қаңтарда Қазақстанның арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚО) автокөлік нөмірін еркін таңдау мүмкіндігінің енгізілуіне байланысты жоғары сұраныс байқалды. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының хабарлауынша, жаңа қызмет туралы ақпарат тарағаннан кейін көптеген өңірлерде ХҚО-ларға келушілер саны артқан.

Кейінірек "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы "ЦОН" мобильді қосымшасына қажетті әріп-сан тіркесімін тапсырыс беру функциясын қосты. Бұған дейін "сәнді" нөмірлерді алудағы ажіоталды азайту мақсатында оларды беру рәсімін қайта қарау туралы ұсыныстар айтылған болатын.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Новости

Реклама