
- 16 июл. 2025 10:38
- 40
Сара Назарбаева Ұлттық госпитальде емін жалғастыруда
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы, қоғам қайраткері Сара Алпысқызы Назарбаева қазіргі таңда Ұлттық госпитальде ем қабылдап жатыр. Бұл туралы мекеме директорының «ҚазАқпарат» агенттігіне берген ресми жауабында айтылды.
— Сара Назарбаева бекітілген медициналық стандарттарға сәйкес ем алып жатыр. Алайда оның нақты диагнозы мен денсаулығына қатысты ақпарат дәрігерлік құпия болып есептеледі. Бұл – оның жеке өмірін, емделу барысына сыртқы араласудан қорғауға бағытталған заңды құқықтары, — делінген госпиталь таратқан мәлімдемеде.
Еске салайық, мамыр айынан бері Сара Назарбаеваның денсаулығына байланысты түрлі алып-қашпа сөздер тараған. Кейбір әлеуметтік желілерде оның қайтыс болғаны жөнінде негізсіз ақпарат жарияланған еді. Бұл қауесетті экс-президенттің баспасөз хатшысы ресми түрде жоққа шығарған.
Сара Алпысқызы — Қазақстандағы бала құқығын қорғау саласында бірқатар ірі жобалар мен бастамалардың авторы.