Последнее обновление

(Время обновление 2 месяца назад)
Сарыағаш инфо газетінің бас редакторы Амангелді Батырбеков сотта ақталып шықты

Сарыағаш инфо газетінің бас редакторы Амангелді Батырбеков сот үкімімен ақталды,-деп хабарлайды Infohub.kz

Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотында көптің назарын аударған істің нүктесі қойылды. «С-ИНФОРМ» газетінің бас редакторы Амангелді Батырбеков айыпсыз деп танылды.

Еске салсақ, оған биыл наурызда Нүркен Айнабеков жеке айыптау арыз беріп, ҚР ҚК-нің 131-бабы ("Қорлау") бойынша жауапқа тартпақ болған. Бірақ 14 тамызда судья Жасұлан Орынбаев сот залында Батырбековті толық ақтап шықты.

Айыптаулардың дәлелсіз екені анықталып, істің қылмыстық құрамы жоқ деп танылды. Осылайша, белгілі журналистке тағылған айыптар негізсіз болып шықты.

You Might Also Like

Новости

Реклама