Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
Саусақ ойыны мен жаттығулары арқылы балалардың тілдерін дамыту
Саусақ ойыны мен жаттығулары арқылы балалардың тілдерін дамыту
Баланың тілі негізінен мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Бұл кезеңде ағзаның барлық бөліктері және жүйелері қарқынды дамып, баланың дене және ой дамуына қажетті қозғалыстағы таным іскерлігі қалыптасады. Мектепке дейінгі кезеңде қолдың ұсақ моторикасы мен қимыл - қозғалыстарын дамыту жұмыстары маңызды болып табылады. Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады. Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғауларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзету - тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды. Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайында әсерлі, көңілді түрде ұйымдастыруға болады.
Адамның сөйлеу тілі және қозғалыс жүйесі бір - бірімен тығыз байланыста болады. Себебі, сондай байланыс қолмен және мидың сөйлеу орталағында орналасқан.
Соңғы 10 - 15 жылда балалардың сөйлеу тілінің төмендеп кеткені айқын байқалады. Өйткені, ата - аналар балалармен аз сөйлеседі, олардың жұмыстан қолдары босамайтынын айтады. Балалар өз беттерімен тілдік қарым - қатынаста болады, себебі, олар қарайды және тыңдайды.
Саусақ ойындары және жаттығулары - бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық. Саусақ және тілдік қимылына, жауап беретін орталық, бас миына өте жақын орналасқандықтан ұсақ моториканы дамыта отырып, баланың тілдік қорын белсендендіреміз және түзетеміз.
Саусақ ойыны және жаттығулар арқылы балаларды дұрыс сурет салуға дайындайды, болашақ мектепке баратын баланың жазу дағдысын қалыптастырады, зейін, есте сақтау қабілеттері жақсарады.
Саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең - тақпақ шумағын сахналау саусақ ойыны деп аталады. Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан - жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс - қимылына қарап бала қуанады, шаттанады, сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т. б. түсініктерді бағдарлай алуды үйренеді.
Ал тіл кемістігі кездесетін балалардың жалпы қимылдары, соның ішінде саусақ бұлшық етінің қимылдары жеткілікті деңгейде дамымайды.
 Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзету - тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды. Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайында әсерлі, көңілді түрде ұйымдастыруға болады. Алдымен балаларға саусақ ойыны түсіндіріледі, әр қимылы көрсетіледі. Мысалы: «Саусақтар сәлемдеседі» ойынын алайық. Мұнда бас бармақ ұшы әр саусақтың ұшымен кезекпен түйіседі. «Адамдар келеді». Оң қолдың сұқ саусағы мен ортаңғы саусақтарын жүгірген тәрізді етіп қимылдатады. Сонымен бірге халық арасында кеңінен тарап жүрген «қуырмаш» ойыны да саусақтардың нәзік қимылын жетілдіруге бағытталған.
Балалар осындай саусақ ойынын ойнай отырып, өлең шумағын қызыға айтады. Мысалы, «Моншақ». Қызыл - сары көк моншақ. Мен жасаймын көп моншақ. Мұнда қатар екі қолдың бас бармағымен сұқ саусақтарының ұшын түйістіре отырып, моншақ тәрізді бейнелейді, әрі оларды тізбектеп жасау балалар үшін өте қызықты әрекет, әрі қол бұлшық етін дамытуға үлкен көмегін тигізеді. Сонымен саусақ ойындарын жүргізу арқылы балалардың саусақтарының нәзік қимылдары мен бұлшық еттерінің жетілуімен бірге, олардың сөйлеу тілі мен ойлау қабілеттері дамитын болады және кейін жазу шеберлігін ойдағыдай меңгеруіне дайындайды.

Жамбыл облысы Тараз қаласы,
№13 балабақша
 Ибраева Гульсара

You Might Also Like

Новости

Реклама