Последнее обновление

(Время обновление 5 минут назад)
Сербия президенті қазақстандық арнайы жасаққа таңдай қақты: «Өмірімде мұндайды көрмегенмін»

Сербия президенті Александр Вучич Қазақстанның арнайы жасақтарының деңгейіне жоғары баға беріп, Қасым-Жомарт Тоқаевтан серб жауынгерлерін даярлауға жәрдемдесуді өтінді.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Арнайы жасақтардың шеберлігіне тәнті болды

Ақордада өткен кездесуде серб көшбасшысы қазақстандық және сербиялық командалар қатысқан UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық турнирін қызығушылықпен тамашалағанын айтты. Осы орайда ол Қазақстан басшысынан арнайы жасақ қызметкерлерін даярлауға жәрдемдесуді сұрады.

«Қазақстан, әрине, әлемдегі ең үздік. Мен Сербиядағы адамдар мұны білгенін қалаймын. Сербиялық жігіттеріміз бірнеше сайыста жақсы өнер көрсетті. Ал қазақ жігіттері мен қыздары ешқашан қателескен емес, мен мұндайды өмірімде көрмегенмін. Сіздердің арнайы жасақтарыңыз ең жоғары деңгейді көрсетті және мен олардың біздің жауынгерлерімізді оқытқанын қалаймын. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы сіздің тамаша жетістіктеріңізді тағы да құттықтаймын», - деді Александр Вучич.

UAE SWAT Challenge-2026 турниріндегі жетістіктер

Бұған дейін Қазақстан президенті Дубайда өткен UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық антитеррорлық бөлімшелерінің жарысына қатысқан қазақстандықтарды тамаша нәтижелерімен құттықтағаны хабарланған болатын. Сол кезде Kazakhstan C командасы беделді турнирдің бас жүлдесін иеленсе, Kazakhstan А командасы жалпы есепте екінші орын алғаны айтылды.

Сонымен қатар, Қазақстанның «Томирис» әйелдер арнайы жасақ командасы турнирдің үздігі атанды.

Новости

Реклама