Последнее обновление

(Время обновление 5 месяцев назад)
Сербияда көтеріліс: 100 мыңнан астам адам Вучичтің отставкасын талап етті

Сербия

Нови-Садтағы трагедиядан кейін басталған жаппай наразылық толқыны Белград көшелерін дүр сілкіндірді,деп хабарлайды Infohub.kz.

Сербия астанасы Белградта 100 мыңнан астам адам көшеге шығып, президент Александр Вучичтің отставкасын талап етті. Бұл ел тарихындағы ең ауқымды наразылық акцияларының бірі ретінде бағаланып отыр.

Жаппай наразылықтың басталуына Нови-Сад қаласындағы теміржол вокзалының бетон шатырының құлауы себеп болды. 15 адамның өмірін жалмаған бұл апат серб қоғамында терең резонанс тудырды. Наразы халық мұны биліктегі сыбайлас жемқорлықтың және немқұрайлылықтың салдары деп есептейді.

Бастапқыда көшеге студенттер шықса, кейін оларға фермерлер, мұғалімдер, байкерлер, қарапайым қала тұрғындары қосылды. Трактор айдаған шаруалар да шеруге қатысып, наразылықтың қаншалықты ауқымды екенін көрсетті.

Сербия полициясының мәліметінше, наразылық акциясына кемінде 107 мың адам қатысқан. Елдегі оппозициялық партиялар бұл көрсеткіштің бұдан да жоғары екенін айтады.

Президент Александр Вучич бұл шерулерді «сыртқы күштердің айтақтауы» деп атап, қызметінен кетпейтінін мәлімдеді. Алайда, үкіметтегі өзгерістер басталып үлгерді—премьер-министр Милош Вучевич қызметінен кетті.

Шерушілердің басты талабы—Вучичтің биліктен кетуі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы нақты реформалар жүргізу және елдегі әділетсіздікке тоқтау салу. Көпшілік мұны Сербиядағы демократиялық өзгерістер үшін маңызды кезең деп бағалап отыр.

Белградтағы наразылықтар әлі де жалғасуда. Бұл оқиғалар Сербияның саяси сахнасында үлкен өзгерістер әкелуі мүмкін. Халық билікке өз даусын естірте ала ма? Бұл алдағы күндердің еншісінде.

You Might Also Like

Новости

Реклама