Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі: Шамуратова Куралай
Сабақ тақырыбы: Қызықты ойыншықтар жасау. Шардан бет - пішін құрастыру.
Сабақ мақсаты:
1. Оқушыларға шармен жұмыс жасауды үйрету
2. Оқушылардың ой - өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамыту
3. Ұқыптылыққа, тазалыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, сарамандық жұмыс.
Керекті құралдар: әртүрлі шарлар,(сопақ, домалақ, ұзынша) т. б.
Пәнаралық байланыс: математика, бейнелеу.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
А) Сәлемдесу, түгендеу.
Ә) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, сұрау.«Қиялдағы кейіпкерлер» құрамағы.
Балалар, бүгін біз V. орталық бойынша жұмыс істейміз.
І. Еңбек орталығы.
Сабаққа қажетті құралдарын тексеру, еңбекке тексеру, еңбекке дайындау.
Сабақ ережесімен таныстыру: Тыныштық сақтау, бірін - бірі тыңдау, ойын ашық айту.
Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар.
- өте жақсы
- жақсы
- нашар деп бағаланады.
ІІ. Пікір алысу орталығы.
Сұрақ - жауап; білетін оқушы қолын көтеріп, жауап береді.
1. Бүгінгі сабаққа керекті құрал - жабдықты ата?
2.. Еңбек қауіпсіздігін сақтау ережесін түсіндір?
3. Өз ойыңнан қағаздан «Қиялдағы кейіпкер» құрамағын құрастыр?
ІІІ. Мақал - мәтел орталығы.
Оқушылар еңбек туралы мақал - мәтелдерін айтады.
ІV. Ғылым орталығы:
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
- Алдымен тақырыпқа байланысты жұмбақ шешу.
Доп - дөңгелек, сопақ, ұзынша,
Іші толған ауа
Аузы бар, мұрны жоқ.
Бұл не? (шар)
Өнер орталығы
Бүгін біз шардан ойыншық жасаймыз. Шардан ұшқыш сайқымазақ, көз тартатын гүл тізбектері, гүл шоқтарын білесіңдер. Олар қазір көптеген мерекелік думандарда туған күн кештерінде кеңінен қолданылады.
Шардан бет бейне құрастырайық..
1. Шарды үрлеп, диаметрі 40см болғанда аузын байлаймыз. Көзіне 2 дөңгелек шар (6 - 8см үрлейміз)
2. Мұрнына диаметрі 10 - 12см, ал ауызы үшін ұзындығы 10 - 12см шар аламыз. Шар ауызбен немесе кішкене насоспен үрлейді.
3. Барлық кішкентай шарларды үлкен шарға желімдейміз. Әуе шарларына арналған арнайы каучуи желімімен немесе жабысқақ таспа (скотч) пайдалануға болады.
4. Шашын шар қиындаларын жасауға болады. Бет-пішінін дайын.
Әуеде ұшпайтын шар туралы мағлұмат беремін.
Шардың аузын байлаудың тәсілдерін үйретемін.
Сабақ бекіту: Балалар сабақ ұнады ма? Сабақ мақсатына жеттік пе? Сендерге қай тәсілді іске асыру қиын көрінді?
Бағалау.
Үйге тапсырма: Өз ойынан безендіруіне арналған мерекелік әшекейлер
Шардан бет-пішін құрастыру
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз757 қаралым

#технология#бастауыш#шардан бет пішін жасау#ойыншықтар жасау
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

