tengrinews.kz
- 25 апр. 2026 07:30
- 27
Шемонаихадағы құрылыс алаңынан адам сүйектері табылды
Шемонаиха қаласында жаңа инфекциялық аурухана құрылысы кезінде адам сүйектері табылып, жұртшылықты елең еткізді. Тұрғындардың айтуынша, бұл жерде сүйектер шашылып жатқандай көрінеді.
«Сүйектерге толы. Қабірстанның үстімен жүргендей әсер қалдырады. Жақ сүйек, бас сүйек, аяқ-қол сүйектері, тіпті саусақ та табылды. Бұл өте қорқынышты. Марқұмдардың мазасын алмау керек», - дейді жергілікті тұрғындардың бірі.
Тұрғындардың сөзінше, өткен ғасырда бұл жерде жұқпалы аурулардан қайтыс болған адамдар жерленуі мүмкін. Сондықтан олар әртүрлі аурулардың таралуынан қауіптенеді.
Билік өкілдері алаңдамауға шақырып, бұл жерде бұрын инфекциялық аурухана болғанын және адамдар жерленгенін растады. Алайда, кейін бұл аумақ белсенді түрде игеріліп, құрылыс жүргізілген. Табылған сүйектерді барлық қауіпсіздік шаралары сақтала отырып, қайта жерлеуге уәде берді. Медицина қызметкерлері де мұнда бұрын ешқандай індеттің өршімегенін айтып отыр.
«Полиция қорытындысына сәйкес, табылған қалдықтарды қайта жерлеу қажет. Олар тарихи құндылыққа ие емес. Шемонаиха әкімдігі оларды заң талаптарына сай, қолданыстағы зиратқа жерлеу туралы шешім қабылдады», - деді Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз хатшысы Лаура Жақыпова.
-
Балабақшадағы тәртіпсіздік туралы жаңалық жұртшылықты дүрліктірді. Тәрбиешінің кішкентай бүлдіршінге қол көтергені бейнекамераға түсіп қалды.