
- 01 апр. 2025 09:08
- 53
Шерзат ісі бойынша ашық сот процесі 10 сәуірде өтеді
Талдықорғанда Шерзаттың өліміне қатысты сот отырысы 10 сәуірде басталады. Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев мәлімдеді.
Сот ашық форматта өтпек, яғни кез келген адамның бақылауына мүмкіндік бар. Процесс Талдықорған қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралады. Себебі күдіктілердің басым бөлігі осы қаладағы уақытша ұстау изоляторында отыр.
Адвокаттың айтуынша, жәбірленушілер азаматтық талап арыз беруді жоспарлап отыр. Бұл іс қоғам назарында тұрғандықтан, сот процесінің әділ әрі заң аясында өтуі басты талаптардың бірі.
-
Қазақстанда мемлекеттік мерекелерге бөлінетін қаражат көлемі қоғамда үлкен сұрақ тудырып отыр. Жаңа жылға жүздеген миллион теңге жұмсалғанымен, Наурыз мейрамына мүлде қаржы қарастырылмаған. Бұл тур...