Последнее обновление

(Время обновление 6 месяцев назад)
Шерзат Полаттың жақын туыстары 9 сотталушының біріне кешірім берді

Қанды оқиға бойынша айыпталған тоғыз күдіктінің бірі – мектеп оқушысы Думан Ысқаққа марқұм Шерзат Полаттың туыстары кешірім берді. Марқұмның әкесі оның бұл іске мүлде қатысы жоқ екенін, тіпті оқиға болған сәтте оған “қаш” деп айтқанын жеткізді.

– Қалғандары жазаға лайық. Олар ұлыма еш аяушылық танытпады, – деді Шерзаттың әкесі.

Оның айтуынша, оқиға алдында топтағы жігіттердің бірі “хуторскиймін, Хутордың жігіттеріміз” деп таныстырған. Қаржаубай Нұрымов бұл сөзден қатты сескенгенін жасырмайды.

You Might Also Like

Новости

Реклама