dalanews.kz
- 13 мая 2026 22:31
- 24
Шетелдік университеттерге жаңа талап: "Қазақстан тарихы" мен "Қазақ тілі" міндетті болады
Елімізде қызмет ететін шетелдік университеттер мен олардың филиалдарына қатысты жаңа талап енгізілді. Енді бұл оқу орындары студенттерге "Қазақстан тарихы" және "Қазақ тілі" пәндерін міндетті түрде оқытуы керек. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.
Бұл бастама Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті тарапынан қолдау тапты. Жаңа норма бойынша, шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары мен шетелдік университеттер тиісті мемлекеттік білім беру стандарттарынан кем түспейтін сапалы білім беруді қамтамасыз етуі міндеттеледі. Бұл талапқа "Қазақстан тарихы" және "Қазақ тілі" пәндерін оқыту да кіреді.
Аталған заң жобасы жақын арада Мәжілісте екінші оқылымға шығарылады деп жоспарлануда.