Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
"Шіркін-ай, деп қарадым": Сәкен Майғазиев екінші әйел алғысы келгенін мойындады

Қазақстандық танымал әнші Сәкен Майғазиевтің жеке өміріне қатысты айтқандары жұртшылықтың назарын аударды. Әнші сұхбаттарының бірінде, белгілі бір кезеңдерде екінші әйел алу туралы ойдың болғанын ашық айтты.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Майғазиевтің айтуынша, кейбір жандарды көргенде, олардың екінші әйел болуға лайықты екендігі туралы ой келетін көрінеді. Ол тіпті, мұндай жағдайда өзінің жұбайы Динарамен де жақсы қарым-қатынас орнатуға болатынына сенген.

Әншінің бұл сөздері әлеуметтік желіде қызу талқыланып, әртүрлі пікірлер тудырды. Кейбір оқырмандар Майғазиевтің ашықтығын құптаса, басқалары көпәйелділік мәселесіне қатысты өздерінің ұстанымдарын білдірді.

Новости

Реклама