Photo: Adem Erkoç (https://www.pexels.com/@erkocphoto) / Pexels
- 26 февр. 2026 22:30
- 30
Шымкентте 7 жасар оқушыға тиіскені үшін мұғалім ұсталды
Шымкентте 36 жастағы мұғалім 7 жасар оқушыға сексуалдық сипаттағы әрекет жасады деген күдікпен ұсталды. Полиция қылмыстық іс тіркелгенін растады.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
«Зорлап тізесіне отырғызды»
Telegram-дағы «Криминалды Қазақстан» арнасының хабарлауынша, оқиға 25 ақпанда сабақ кезінде болған. Анасының айтуынша, қызы үйге қапа болып келіп, ауырғанын айтқан. Кейіннен бала оқиғаны баяндап берген: мұғалімі партасына келіп, зорлап тізесіне отырғызып, босату туралы өтінішке қарамастан ұстап отырған.
«Мама, маған төмен жағым ауырып тұр. Мұғалім партама келіп, басымды өзінің төменгі жағына қысты. Қатты бірдеңе аузыма тиді», - деп келтіреді ананың сөзін аталған арна.
Қыздың анасының айтуынша, ер адам баланы киімі арқылы ұстап, қысып отырған. Қыз тұрғысы келгенде және ауырып тұрғанын айтқанда, ол қолынан ұстап, жібермеген. Ата-ана мектеп әкімшілігіне жүгінген. Алайда, ананың айтуынша, директор дереу бейнебақылау жазбаларын беруден бас тартқан. Полиция шақырылып, тиісті департаментке жүгінгеннен кейін ғана видео қолға түскен.
Мұғалім өз әрекетін түсіндіре алмады
Ата-ананың айтуынша, кадрларда мұғалімнің қарсылық білдірген қызды тізесіне отырғызғаны көрінеді. Олардың сөзіне қарағанда, мұғалімнің өзі кездесуде болған жағдайды түсіндіре алмаған. Шымкент қалалық полиция департаментінде әйелдің арызы бойынша қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды.
«Тергеу-жедел тобы оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған кешенді шараларды жүргізуде. Бейнебақылау жазбалары зерделеніп, куәгерлер мен басқа да тұлғалардың жауаптары алынуда, барлық дәлелдер тексеріліп, алынған материалдар мен фактілер салыстырылуда», - деп жауап берді полиция.
Ведомство тергеу барысының департамент басшылығының ерекше бақылауында екенін және барлық тергеу әрекеттері заңға сәйкес жүзеге асырылатынын атап өтті.