
- 06 мая 2025 21:46
- 32
Шымкенттегі Теміржол вокзалындағы символдық сағат қайта іске қосылды
Шымкент қаласының орталығындағы маңызды нысандардың бірі — Теміржол вокзалы маңындағы айналма жолда орналасқан символдық сағаттар қайта жаңғыртылып, іске қосылды. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес жүзеге асқан бұл бастама мегаполистің көрнекті нысандарының бірін қайта жандандырды.
Әл-Фараби ауданындағы зәулім бағанаға орнатылған төрт жаққа бағытталған сағаттар қайта жұмыс істей бастады. Қала келбетінің бір бөлшегіне айналған бұл сағаттарға Швейцариялық «Hublot» маркасының қосалқы бөлшектері пайдаланылған. Жобаның ерекшелігі – жұмыс бюджеттен тыс, демеушілер есебінен жүзеге асқан.
Мамандардың айтуынша, бұл сағаттар қаладағы жалғыз қоғамдық сағат болып есептеледі. Сол себепті де оның қайта іске қосылуы – тұрғындар мен қала қонақтары үшін жағымды жаңалық болды. Сағаттар енді қаланың уақыт ырғағын тағы да дәл көрсетіп тұр.