Последнее обновление

(Время обновление 6 минут назад)
Шымкенттегі уақытша ұстау изоляторында жас қыздың өлімі: зорлықшылар қылмыскерге айналдырды ма?

Шымкенттегі уақытша ұстау изоляторында 23 жастағы Сания Жұбанышеваның өлімі елді елең еткізді. Қыздың адвокаты Мұхаммед Алиосманның айтуынша, Санияны негізсіз қамауға алған. Ол оқиғаның мән-жайын және жанжал болған жерден алынған бейнежазбаларды елемей, қызды кінәлі деп таныған.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қорғаушының мәліметінше, қызға ҚР ҚК-нің 106-бабы 2-бөлігі бойынша – денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірді деген айып тағылған.

Жанжал түнде не болды?

Адвокаттың сөзіне сүйенсек, 2 мамыр күні түнде Сания танысы Асланның үйіне барған. Сол жерде бір топ жастар мас күйінде болған. Қорғаушының айтуынша, үй ішінде қызды зорламақ болған. Сания қарсылық көрсетіп, сыртқа шығып кетіп, достарына геолокациясын жіберіп, полиция шақыруды өтінген.

Сыртта ер адамдар арасында жанжал туындаған. Адвокаттың айтуынша, қыз бұл жағдайды өзі телефонға түсірген. Қорғаушының сөзіне қарағанда, видеода қатысушылардың бірі пышақ ұстап: «Бауыздамай кетпеймін» деп айқайлаған.

Кейіннен полиция үйден пышақ жарақаты бар жас жігітті тапқан.

«Жәбірленушіні кінәлі етті»

Адвокат тергеушілер Санияның зорлау әрекеті туралы сөздерін елемегенін, оның орнына оған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені туралы айып тағуға көбірек көңіл бөлгенін мәлімдеді.

«Қыздың зорлау әрекеті және жыныстық тиісу туралы арызы неге назардан тыс қалып жатыр? Ер адамдар арасындағы қарулы жанжал тіркелген бейнежазба неге ескерілмейді?» – деп мәлімдеді Алиосман.

Оның айтуынша, қорғаушы тарапы соттан үй қамағы немесе кепілдік сияқты жеңіл шара қолдануды сұраған. Адвокат тергеу судьясына жүгінгенін және қызды қамауға алудың әлі ерте екенін айтып, талап еткенін айтады.

Сот отырысы 14 мамыр күні кешкі сағат 21:00 шамасында аяқталды.

«Сания, мен сені шығарамын»

15 мамыр күні түнде, шамамен 03:00-де, ИВС-те қыздың қайтыс болғаны туралы хабар келді. Адвокаттың айтуынша, оны басқа жерге ауыстырар алдында Саниямен сөйлесуге үлгерген.

«Ауыстырар алдында мен оған: «Сания, мен сені шығарамын. Маған сенемісің?» дедім. Ол «Иә…» деп жауап берді», – деп жазды ол.

Бейне үндеуінде Алиосман ел билігіне эмоционалды түрде жүгінді. Ол өзінің пікірінше, кінәлілер жауапқа тартылуы керек деді.

«Кінәсіз адамдарды қамап, кінәлілер бос жүргенде өте ауыр болады», – деді қорғаушы және адвокаттарды «ешкім тыңдамайтынын», ал жүйенің «айыптау бағытында» жұмыс істейтінін айтты.

Полиция не дейді?

Шымкент қалалық полиция департаменті (ПД) Санияны жанжал кезінде кәмелетке толмаған баланы пышақтап соққыға жыққаны үшін күдікті ретінде ұстағанын хабарлады. 14 мамырда мамандандырылған тергеу соты екі ай мерзімге қамауға алуға санкция берген. Қыз қайтыс болғаннан кейін қылмыстық іс қозғалды.

Полицияның мәліметінше, өлімнің себебі дәрілік препаратпен улану болған. Ведомство зорлық-зомбылық белгілерінің жоқ екенін мәлімдеді.

«Тергеу іс-шараларының кешені жүргізілуде. Болған оқиғаның барлық мән-жайы толық, жан-жақты және объективті тергеу барысында анықталады», – деп хабарлады ПД.

Тергеу Шымкент полициясының басшылығының бақылауында.

Новости

Реклама