Қазақстанның солтүстік өңірлерінде ұзақ ыстықтан кейін кенеттен ауа райы суытады. Бұл туралы infohub.kz сайты хабарлады.

Мұның себебі солтүстік-батыс циклон. Ол жаңбыр мен найзағай, кей жерлерде қатты нөсер, бұршақ және дауылды жел әкеледі. Солтүстік облыстарда күндізгі температура +25…+30°C дейін төмендейді.

Сонымен қатар, еліміздің оңтүстік және шығыс өңірлерінде ыстық әрі негізінен құрғақ ауа райы сақталады. Бұл аймақтарға Өзбекстаннан жылы ауа массалары келуде. Оңтүстікте ауа температурасы +40…+45°C, шығыста +33…+38°C дейін көтерілуі мүмкін.

Қалған аумақтарда ауа температурасында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.