Photo: Kirill Ozerov (https://www.pexels.com/@kirill-ozerov-109766512) / Pexels
- 07 июн. 2026 06:30
- 25
Танымал режиссер Қуаныш Бейсек екінші рет шаңырақ көтерді
Танымал режиссер Қуаныш Бейсек екінші рет шаңырақ көтерді. Ол өзінің жаңа жарымен ұзату тойынан естелік суреттерді жариялап, көпшілікті қуантты.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Режиссер әлеуметтік желідегі парақшасында қалыңдығын көрсетіп, тойдан фото-видеолармен бөлісті. Әйелінің Тараз қаласынан екені белгілі болды. Оның есімі Ажар екені айтылды. Қазіргі таңда басқа да мәліметтер жарияланбаған.
Қуаныш Бейсек пен Ажардың үйлену тойы да маусым айына жоспарланған. Желі қолданушылары режиссерге бақыт тілеп, құттықтауларын жаудырды.