tengrinews.kz
- 17 мая 2026 10:31
- 22
The New York Times: Беделді басылым Ирандағы соғыстан кім ұтты деп атады
The New York Times (NYT) басылымы Ирандағы соғыс жағдайынан кімдер пайда тапқанын саралап, бес елді атап өтті. Бұл елдерге АҚШ, Норвегия, Бразилия, Ресей және Қазақстан кіреді. Олардың негізгі табысы мұнай сатудан түскен пайда есебінен артқан.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Басылымның жазуынша, Парсы шығанағындағы шиеленіс пен Ормуз бұғазының ішінара жабылуы әлемдік мұнай бағасының күрт өсуіне себеп болды. Бұл жағдай энергия ресурстарын экспорттайтын елдерге қосымша табыс әкелді.
АҚШ пен Ресейдің пайдасы
АҚШ мұнай, дизель отыны және басқа да энергия тасымалдаушылардың экспортын арттырды. NYT бағалауы бойынша, АҚШ-тың энергия ресурстарын теңіз арқылы экспорттау көлемі жылына 145 миллион баррельге ұлғайып, қосымша табысы шамамен 50 миллиард долларды құрады. Ресей де мұнай бағасының өсуінен пайда көрген елдердің қатарына қосылды.
Парсы шығанағы елдерінің жағдайы
Парсы шығанағы елдерінің арасында жағдай әр түрлі болды. Саудия Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктері Ормуз бұғазына айналма жолдар арқылы экспортты ішінара сақтап қала алды. Дегенмен, Саудия Арабиясының экспорт көлемі 150 миллион баррельден асса да, табысы 9,2 миллиард долларға өсті.
Ал Ирак, Кувейт және Катар сияқты елдер Ормуз бұғазы арқылы экспортқа тәуелді болғандықтан және баламалы экспорттық жолдары болмағандықтан, ең ауыр зардаптарды тартты. Ирактың шығыны шамамен 15 миллиард долларға бағаланды.
Болашаққа жоспар
Басылымның атап өтуінше, аймақтағы көптеген елдер бұғазға айналма жолдармен жаңа құбырлар салуды талқылай бастады. Алайда, бұл жобаларды жүзеге асыру үшін миллиардтаған инвестиция мен бірнеше жыл уақыт қажет болады.
-
Синоптиктер еліміздің бірнеше облысында ауа райының күрт өзгеретінін хабарлады. Тұрғындарды үсік, қар, дауылды жел мен тұманнан сақ болуға шақырды.