tengrinews.kz
- 16 мая 2026 05:30
- 30
«Тіпті өмір сүру мүмкін емес»: Мемлекеттік бағдарламамен пәтер алған отбасылар үйден шығаруды сұрады
Ақмола облысындағы Державинск қаласында мемлекеттік бағдарлама бойынша баспаналы болған отбасылар жаңа үйлерінен шығаруды сұрап, дабыл қағуда. Жаңа салынған үйлердің жағдайы мәз емес, пәтерлерде саңырауқұлақ пен дымқылдық жайлап, тіпті өмір сүруге жарамсыз болып қалған.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
«Бұл жерде өмір сүру мүмкін емес: үнемі дымқыл, саңырауқұлақ. Басқа пәтерлерде де солай, тіпті бесінші қабаттарда да су ағып, саңырауқұлақ пен қатты дымқылдық бар. Жақында тексеріп кетті, бүгін де келді, бірақ пәтерлерге кірмеді, тек сөйлесті. Біз бұл пәтерлерді ауыстырғымыз келеді, себебі бұл денсаулыққа қауіпті, мұнда өмір сүру мүмкін емес», - дейді Ирина Лысенко есімді тұрғын.
Жаңа үйлердің жағдайы
Державинск қаласының орталығындағы толық емес және көпбалалы отбасылар пәтер кілттерін 2024 жылдың қысында алған. Ал көктемгі алғашқы жаңбырмен бірге пәтерлерге су кіре бастаған. Әсіресе бесінші қабаттағы пәтерлер зардап шеккен. Шатырдағы жағдайды көрген тұрғындар қатты таңғалған: барлық жерде жарықтар мен тесіктер болған.
Тұрғындардың айтуынша, бұл үйге бірнеше рет комиссия келген, тіпті облыс әкімі де мәселені шешуді тапсырған. Алайда, қабырғалар мен бұрыштар әлі күнге дейін саңырауқұлақпен жабылған. Жаңа баспананы ешкім әлі уәде етпеген. Құрылысшылар барлық кемшіліктерді алдағы бір айда жөндеп шығатынына сендіріп отыр.
«Шатырдың барлық аумағын толыққанды, сапалы жөндеу үшін бізге қолайлы ауа райының тұрақты болуын күту қажет болды. Қазір жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. Шатырды бітіріп, толықтай жабық екеніне көз жеткізген соң, біздің бригадалар үй ішіндегі зардаптарды жоюға кіріседі», - деп уәде берді «Мега Строй групп» ЖШС өкілі Кенесары Қабкенов.
-
В Уральске начал работу военно-патриотический клуб имени генерала Уәли Еламанова, предлагая юношам обучение военным дисциплинам и парашютному спорту.
-
Астанада жолдың ортасында «Газель» көлігінің аударылып қалғаны туралы видео мен фото материалдар келді. Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.