Последнее обновление

(Время обновление 5 минут назад)
"Тоқалдың дәуірі бітті": Тұрсынбектің Айманы жоқ болып кетті

Күнделікті тіршілігін жазбалап, "қыздар" деп әзілдеп жүретін Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы Айман Талғатқызының әлеуметтік желідегі белсенділігі байқалмай қалды. Кейбір ақпараттарға сүйенсек, оның Инстаграм парақшасы бұғатталуы мүмкін.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Айман Талғатқызының парақшасы неге жабылды?

Соңғы бірнеше күн бойы "Тұрсынбектің Айманы" Инстаграм парақшасында әдеттегідей үй шаруашылығымен айналысқан, тамақ дайындаған немесе ыдыс жуған видеолары мен фотолары жарияланбай қалды. Бұл жағдай оның оқырмандарын алаңдатты.

Threads желісіндегі пікірталасқа қарағанда, Айман Талғатқызының парақшасы бұғатталуы ықтимал. Желі қолданушылары "Тоқалдың дәурені бітті", "блокқа кеткен", "мені де блокқа тықты ма екен" деген сияқты пікірлер қалдыруда. Кейбіреулер Тұрсынбек Қабатовтың басқа әншіге "лайк" басқанын да айтып, оның бұл әрекетін құптағандай пікір білдірген.

Новости

Реклама