Последнее обновление

(Время обновление 1 минуту назад)
Төрт жылдан бері Қазақстанда PS Store жоқ: министрлік себебін айтты

Қазақстандық ойыншылар төрт жыл бойы PlayStation Store-ға кіре алмай келеді. Бұл – ойындарды сатып алуға арналған онлайн-дүкен. Инновациялар және цифрлық даму министрлігі (қазіргі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі) бұл мәселенің неге әлі шешілмегенін түсіндірді.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Sony компаниясының шектеулері

Sony компаниясы 2022 жылдың наурыз айында Ресейге қатысты санкцияларға байланысты өз қызметін тоқтатқаннан кейін, Қазақстанның кейбір пайдаланушылары да PlayStation Store-ға кіре алмай қалды. Бұған дейін PlayStation Network-те тіркелу кезінде тек ресейлік немесе украиналық аймақты таңдауға болатын еді, ал қазақстандық банк карталары қолдау таппады. Сондықтан көптеген ойыншылар ресейлік аймақпен тіркеліп, осы арқылы цифрлық қызметтерді пайдаланып келген. Алайда, шектеулер енгізілген соң, олардың аккаунттары мен жазылымдары қолжетімсіз болып қалды. Шамамен 50 мың қазақстандық PlayStation иесі ойын сатып алу және дүкенді пайдалану мүмкіндігінен айырылды.

Министрлік тарапынан жасалған әрекеттер

Осы жағдайдан кейін Қазақстан PlayStation Store-ға қолжетімділікті қалпына келтіруге тырысты. Министрлік Sony Interactive Entertainment компаниясына ресми сұраулар жолдап, сервис жұмысын жаңарту бойынша келіссөздер жүргізуге әрекеттенді.

Қазіргі жағдай

Министрлік мәліметі бойынша, Sony компаниясы әлі күнге дейін ресми жауап бермеген. Сондықтан PlayStation Store-ға қолжетімділікті қалпына келтіру мәселесі әлі де ашық күйінде қалып отыр. Министрлік хабарлағандай, әртүрлі елдерде сервистерді іске қосу, жергілікті төлемдерді қосу және пайдаланушыларды қолдауды ұйымдастыру – бұл тек халықаралық компаниялардың өз шешімі. Олар мұны өздерінің жаһандық стратегиясына сәйкес қабылдайды. Министрлік болса, Қазақстан Республикасын дербес цифрлық нарық ретінде ұсынуды және халықаралық технологиялық компанияларды тарту мен елдегі цифрлық қызметтердің қолжетімділігін кеңейту үшін қолайлы жағдайлар жасау жұмысын жалғастыра беретінін атап өтті.

Министрлердің уәделері

PlayStation Store жабылғалы бері шенеуніктер бұл мәселе бойынша жұмыс істеп жатқанын, хаттар жолдағанын айтып келді. Осы уақыт ішінде министрлер ауысса да, жауап сол күйінде қалды. Министрлердің уәделерінің хронологиясы:

Мыңдаған қазақстандықтар Sony компаниясының басшысынан елді PlayStation сервистеріне қосуды сұрап, петицияға қол қойған болатын.

Новости

Реклама