Последнее обновление

(Время обновление 5 месяцев назад)
Трамп әлем елдерін ядролық қарудан бас тартуға шақырды

АҚШ президенті Дональд Трамп барлық мемлекеттерді ядролық қарудан толықтай бас тартуға шақырды. Оның айтуынша, қазіргі қару-жарақ көлемі ақылға сыймайтын деңгейге жеткен.

Трамп бұл мәлімдемені Франция басшысы Эммануэль Макронның Еуропа елдеріне ядролық қорғаныс ұсынуға дайын екендігі туралы сөзіне жауап ретінде жасады.

"Егер барлық елдер ядролық қарудан бас тартса, бұл әлем үшін керемет шешім болар еді. Бізде және Ресейде оның саны өте көп, ал төрт-бес жыл ішінде Қытай да осы деңгейге жетуі мүмкін. Ядролық қарудың күші шектен тыс, оны бақылау қажет", – деді ол.

Трамп алғашқы президенттік мерзімінде ядролық қаруды азайтуға бағытталған денуклеаризация бағдарламасын жүзеге асыруға тырысқанын атап өтті. Оның айтуынша, Ресеймен келіссөздер барысында белгілі бір жетістіктерге қол жеткізілген, сондай-ақ бұл мәселені Қытай басшысы Си Цзиньпинмен де талқылаған.

Алайда, 2020 жылы президенттік сайлауда Джо Байден жеңіске жеткеннен кейін бұл процесс тоқтап қалды. "Енді біз бұл мәселеге қайта оралуымыз керек. Мен келіссөздерді жаңғыртуды қалаймын", – деп мәлімдеді Трамп.

Қазіргі таңда АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция, Үндістан, Пәкістан, Солтүстік Корея және Израиль ядролық қаруға ие елдер қатарында.

You Might Also Like

Новости

Реклама