tengrinews.kz
- 16 мая 2026 12:30
- 31
Трамп: АҚШ Тайвань үшін Қытаймен соғысқысы келмейді
АҚШ президенті Дональд Трамп Fox News телеарнасына берген сұхбатында Тайваньның тәуелсіздігі үшін Қытаймен соғысқысы келмейтінін мәлімдеді. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.
«Мен ешкімнің тәуелсіздік жариялап, кейін бізге 9,5 мың миль жерді жүріп өтіп соғысуды талап етуін қаламаймын», - деді Трамп Тайвань мәселесін талқылай отырып.
Америка басшысы Пекиннің аралға қатысты ешқандай әрекет жасамауы мүмкін екенін болжады, егер жағдай қазіргідей қалпында қалса.
«Біз ешкімнің: «Тәуелсіздік жариялайық, өйткені АҚШ бізді қолдайды» деп айтуын қаламаймыз», - деп қосты Трамп.
АҚШ президенті Қытай мен Тайваньды сабырға шақырды: «Тайвань үшін аздап сабырға келу өте ақылдылық болар еді. Қытай үшін де аздап сабырға келу өте ақылдылық болар еді».
Сондай-ақ, Трамп Тайваньға 12 миллиард долларлық американдық қару-жарақ жеткізу мәселесінің уақытша тоқтатылғанын айтты.
«Мен әзірге бұл шешімді кейінге қалдырып отырмын, бәрі Қытайға байланысты. Ашығын айтсақ, бұл біз үшін келіссөздердегі өте күшті козырь. Бұл көп мөлшердегі қару-жарақ туралы сөз болып отыр. Он екі миллиард доллар – бұл өте көп қару-жарақ», - деді Трамп.
АҚШ басшысы бұған дейін Тайваньға қатысты АҚШ пен Қытайдың келіспеушіліктері толыққанды қақтығысқа ұласу қаупін көрмейтінін мәлімдеген болатын.
Бейжің Тайуанды ҚХР-ның ажырамас бөлігі деп санайды, ал «бір Қытай» қағидатын сақтауды ҚХР-мен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқысы немесе сақтқысы келетін басқа мемлекеттер үшін міндетті шарт деп есептейді. АҚШ-тың Тайваньға қару-жарақ сатуы дәстүрлі түрде Вашингтон мен Бейжің арасындағы қарым-қатынастағы шиеленістің негізгі нүктелерінің бірі болып қала береді.
-
Владелец Hyundai Creta рассказал о своем опыте владения автомобилем в течение 7 лет, отметив его плюсы и минусы.