x.com/WhiteHouse
- 26 апр. 2026 07:30
- 27
Трамп пен АҚШ бірінші ханымын Вашингтондағы кешкі астан шұғыл эвакуациялады
АҚШ президенті Дональд Трамп, оның әйелі Мелания және басқа да жоғары лауазымды тұлғалар Вашингтондағы Ақ үйге қарасты журналистер қауымдастығының жыл сайынғы кешкі асында қауіпсіздікке байланысты оқиғадан кейін шұғыл эвакуацияланды.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Телеарна мәліметінше, жиналғандардың кейбірі бірнеше рет қатты дыбыс естігендерін, бірақ оның қайдан шыққанын анықтай алмағандарын айтты. Құпия қызмет агенттері Вашингтон Хилтон қоналүйінің банкет залын толықтай бақылауға алды. Журналистер, шенеуніктер мен құрметті қонақтар түсініксіз жағдайдан кейін үстелдердің астына тығылды.
The New York Times басылымының хабарлауынша, президенттің жарақат алғаны туралы белгілер болмаған. Президент отырған сахнаға қарай қауіпсіздік қызметкерлерінің жүгіріп келгені байқалған.
АҚШ прокуроры Жанин Пирро Х әлеуметтік желісінде атыс дыбыстары естілгеннен кейін өзін залдан шығарып әкеткенін жазды. Оның айтуынша, қазіргі уақытта Құпия қызмет бұл ғимаратты толықтай бақылауда ұстап отыр.
Америкалық БАҚ мәліметінше, Трамп бұл кешкі асқа АҚШ президенті ретінде алғаш рет қатысқан.