Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
Трамп Украинаға жаңа қаржылай көмек беруі мүмкін

Трамп Украинаға жаңа қаржылай көмек беруі мүмкін
АҚШ-тың қазіргі президенті Украинаны қолдаудың жаңа жолдарын қарастыруда

АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаға бірнеше миллиард доллар көлемінде жаңа қаржылай көмек көрсету мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл туралы 13 шілдеде CBS News дипломатиялық дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады. Басылымның жазуынша, бұл бастама Ресейге "айқын сигнал беру" мақсатында қолға алынуы мүмкін. Себебі соңғы күндері Ресей дрондар мен зымырандар арқылы Украинаға бірнеше соққы жасаған.

Қаржының нақты көзі әзірге белгісіз. Дегенмен, АҚШ билігі Трамптың қолында бұрынғы президент Джо Байден тұсында бөлінген, бірақ толық игерілмеген 3,85 миллиард доллар көлемінде резерв бар екенін хабарлады. Бұл қаражат америкалық әскери техниканы Украинаға жіберу үшін пайдаланылуы мүмкін.

Сонымен қатар, Трамп Ресейдің шетелдік банктерде бұғатталған шамамен 5 миллиард долларлық активтерін тәркілеп, оны да Украинаға бағыттауы ықтимал. Бұған дейін бұл құқықты ешбір президент – не Трамптың өзі, не Байден – пайдаланған жоқ.

Айта кетейік, шілде басында Пентагон Украинаға кейбір қару түрлерін жеткізуді уақытша тоқтатқан еді. АҚШ Қорғаныс министрі Пит Хегсет бұл шешімді Ақ үймен келіспей қабылдаған. Ал 10 шілдеде Трамп NBC арнасына берген сұхбатында Ресейге "қатты көңілі қалғанын" айтып, 14 шілдеде бұл мәселеге қатысты маңызды мәлімдеме жасайтынын мәлімдеді.

 

You Might Also Like

Новости

Реклама