Последнее обновление

(Время обновление 0 минуты назад)
Түркістан облысында ағайынды жігіттер есірткі өндірісін дөңгелеткен

Түркістан облысында есірткі өндірісімен айналысқан ағайынды екі жігіттің ісі полицияның назарына ілінді. Олар Арыс қаласының шетіндегі жеке үйді жалдап, ірі көлемде синтетикалық есірткі өндірісін ұйымдастырған.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тінту кезінде олардың қолынан сұйық күйдегі жарты тоннаға жуық мефедрон және 1,5 тонна прекурсор тәркіленді. Сондай-ақ, есірткі өндірісіне қажетті реактор, колбалар, магнитті араластырғыш, канистрлер және басқа да құрал-жабдықтар алынды. Аталған заттарға сараптама тағайындалды.

Екі ағайындыға қандай жаза келеді?

Қылмыстық кодекстің 297-1-бабы бойынша, ағайындыларға ұзақ мерзімді, тіпті өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін. Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ішкі істер министрлігі есірткі өндірісіне жол бермейтінін және мұндай әрекеттердің жолын кесу жұмыстары жалғасатынын мәлімдеді.

Новости

Реклама