Последнее обновление

(Время обновление 11 минут назад)
Түркістанда әйелді ұрлап, психиатриялық ауруханаға күштеп жапқан үш ер адам сотталды

Түркістанда әйелді күштеп психиатриялық ауруханаға тоғытқан іс бойынша сот үкімі шықты. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлады. Әйелді ұрлап, заңсыз емдеу мекемесіне жапқан үш ер адам кінәлі деп танылып, ұзақ мерзімге сотталды.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл оқиға отбасылық жанжалдан басталғанымен, адам ұрлау бойынша қылмыстық іспен аяқталды. Тергеу нұсқасы бойынша, 2024 жылдың 9 наурызында Түркістанда Ділмурод Иброгимов екі досы – Фуркат Юсупов және Даниёр Мамуровпен бірге азаматтық некедегі әйелі Майраны (этикалық себептерге байланысты аты-жөні өзгертілді) күштеп алып кеткен.

Әйелді психиатриялық диспансерге күштеп жапты

Әйелді скотчпен байлап, көліктің артқы орындығына салып, Шымкенттегі облыстық психикалық денсаулық орталығына апарған. Сол жерде Иброгимов оны психикалық ауруы бар адам ретінде таныстырып, мәжбүрлеп емдеуге өтініш жазған. Ол тіпті дәрігерлерге жалған мінездеме беріп, әйелдің атынан емделуге ерікті түрде келісетіні туралы құжатқа қол қойған.

Нәтижесінде, Майра 2024 жылғы 9 наурыздың кешінен 12 наурыздың таңына дейін, яғни үш тәулікке жуық уақыт психиатриялық стационарда болған. Кейін жүргізілген кешенді сот психологиялық-психиатриялық сараптамасы әйелдің психикалық жағынан сау екенін, ешқандай ауытқуы жоқ екенін және мәжбүрлеп емдеуді қажет етпейтінін анықтады.

Сот бұл әрекетті алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен адам ұрлау, психиатриялық стационарға заңсыз жатқызу деп саралады. Ал екі адамға көмектесу бабы бойынша айып тағылды.

Үкім

Бүгін сот шешімін оқыды:

Үшеуі де үкім шыққанға дейін үй қамағында болған. Сот залында оларды қамауға алды. Сонымен қатар, сот жәбірленушінің пайдасына моральдық шығынды өтеуді міндеттеді: Ділмурод Иброгимовтен – 5 миллион теңге, Юсупов пен Мамуровтан әрқайсысынан 3 миллион теңге. Барлығы – 11 миллион теңге.

Қару-жарақ тағы бар

Істің тағы бір бөлігі қару-жараққа қатысты болды. Сот Иброгимовтің бұған дейін 9 мм калибрлі «Макаров» тапаншасына арналған 16 патронды тауып, үйінде заңсыз сақтағанын анықтады. Тінту кезінде тәркіленген оқ-дәрілер зауыттық екені және атуға жарамды екені сараптамамен расталды. Бұл факт те айыптауға қосылып, түпкілікті мерзімге әсер етті.

Новости

Реклама