Последнее обновление

(Время обновление 4 минуты назад)
Түрмеде отырған әйел Шымкентте миллиард теңге ұрлаудың айласын тапты

Шымкентте екі колледждің басшылары мен қызметкерлері мемлекетке тиесілі 1,3 миллиард теңгеден астам қаржыны жымқырған. Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, қылмыстық схеманы ұйымдастырған әйел үш жыл бойы бас бостандығынан айырылған жерінде отырып, сырттай басшылық еткен.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қалталы қылмыскерлердің айласы

Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, 2018-2023 жылдар аралығында «Оңтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжі» ЖШС және «Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-қаржы колледжі» ЖШС-нің құрылтайшысы жалған студенттерді тіркеп, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қаржы алған.

Азаматтарды студент ретінде формальды түрде тіркегенімен, олар іс жүзінде ешқандай оқу процесіне қатыспаған. Бұл арқылы мемлекеттік қаржыны, соның ішінде кадрларды қайта даярлау бағдарламаларына бөлінген қаражатты жымқырған.

Қылмыстық схеманың егжей-тегжейі

Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, қылмыстық схеманы жүзеге асыру үшін жалған бұйрықтар рәсімделген, электронды цифрлық қолтаңбалар пайдаланылған және орындалған жұмыстар туралы жалған актілер толтырылған.

Сонымен қатар, медициналық колледждің ақылы бөліміндегі кейбір студенттерді мемлекет есебінен оқитын студенттер ретінде көрсеткен. Ал «Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-қаржы колледжі» мүлдем жұмыс істемей, тек бюджет қаражатын алу үшін пайдаланылған.

Мүлікті тәркілеу және бұлтартпау шаралары

Мемлекетке келтірілген жалпы шығын 1,3 миллиард теңгеден асқан. Қылмыстық схеманы ұйымдастырған әйел үш жыл бойы бұрын жасаған қылмысы үшін сотталып, түрмеде отырған кезінде де өз қызметін жалғастыра берген.

Тергеу барысында күдіктілер өз еріктерімен 65 миллион теңге көлемінде залалды өтеген. Сот үш пәтерді (оның ішінде Дубайдағы жылжымайтын мүлік те бар), үш тұрғын үй мен үш автокөлікті тәркілеу туралы шешім шығарды.

Екі күдікті қамауға алынып, қалған үшеуіне елден шығуға тыйым салу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Новости

Реклама