Photo: Pixabay (https://www.pexels.com/@pixabay) / Pexels
- 27 февр. 2026 10:00
- 29
"Тым болмаса сүйектері табылса екен..." – Атыраудағы трагедияға қатысты марқұмның туысы сөйледі
Атырауда орын алған қайғылы оқиғадан кейін, ерлі-зайыпты Мақсот Қарабалин мен Нәсіп Өтешқалиеваның жақындары алғаш рет БАҚ өкілдеріне үн қатты. Күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевтің ұсталғанына қарамастан, отбасының жаны жаралы күйінде қалуда.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тележурналист Жанат Жақсыбайқызының әлеуметтік желіде жариялаған мәліметінше, қайғы жұтқан отбасының үміті тек жоғалған Наурыз бен Мейрамгүлдің сүйектері табылып, жер қойнына тапсыруға ғана қалған.
Жақындарының үміті мен күдігі
«Екеуі де тірі болсын деп тіледік, бірақ енді бұл мүмкін емес шығар. Тым болмаса сүйектері табылса екен дейміз. Жер қойнына тапсыра алсақ... Жүрегімізбен тірі келсе екен деп ойлаймыз ғой. Солар туралы күдікті айтып берсе екен», - дейді марқұмның туысы.
Ол сондай-ақ, Наурыз бен Мейрамгүлдің ешкімге зияны тимегенін, Наурызжанның әрдайым көмекке даяр тұратынын, ал Мейрамгүлдің балаша пейілі бар екенін айтып өтті. «Қайда жібергенін?! Жарты жыл болды жоқ болғандарына», - деп күйінді туысы.
Күдіктінің ұсталуы
Еске сала кетейік, Атырау облысында болған қос адам өлтіру дерегі бойынша күдікті Индонезияда қолға түскен. Қазақстан Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері шетелдік әріптестерімен бірлескен операция нәтижесінде Ломбок аралындағы Сенару ауылында аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен ер адамды ұстаған.