Последнее обновление

(Время обновление 8 минут назад)
«Уақытты емес, сезімді қайтаруға бола ма?» – Тұрсынбектің тұңғыш қызы әкесін сағынышын жазды

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың тұңғыш қызы Әдемі Тұрсынбекқызы әкесіне деген сағынышын білдіріп, көпшілікті ойландырды. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында «Уақытты емес, сол бір сезімді қайтаруға бола ма?» деген сұрақпен бөлісті.

Бұл жазба көпшіліктің назарын аударып, түрлі пікірлер тудырды. Желі қолданушылары бойжеткеннің сезімін түсініп, оған қолдау білдірді. Кейбір пікірлерде «Ересектердің қателігінен балалардың зардап шегетіні өкінішті, алдағы өмірде жолдары ашық болсын!», «Жаным-ау, әкесін сағынып жүр ғой», «Алла қолдасын сендерді» деген сияқты тілектер айтылды.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Новости

Реклама