Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
UFC файтері Асу Алмабаев жаңа лигамен келісімшартқа отырды

UFC ұйымының жеңіл салмақтағы қазақстандық файтерi Асу Алмабаев Real American Freestyle (RAF) еркін күрес промоушенімен келісімшартқа отырды. Бұл туралы лиганың баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңадан 10 спортшымен келісімшарт жасасқанын мәлімдеген промоушеннің қатарында Асу Алмабаев те бар.

Енді 32 жастағы спортшы UFC-де ММА ережелерімен ғана емес, RAF лигасында еркін күрестен де бақ сынайтын болады.

Асу Алмабаевтың RAF лигасындағы дебюті әзірге жоспарланбаған. Ол келесі жекпе-жегін 27 маусымда Бакудегі Crystal Hall аренасында UFC Fight Night 280 турнирінде Чарльз Джонсонға қарсы өткізеді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Асу Алмабаев америкалық Алекс Пересті әдемі жеңген болатын. Үш раундқа жоспарланған жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды. Үшінші раундта қазақстандық файтер қарсыласын айналма соққымен таң қалдырып, кейін «гильотина» әдісімен жеңіске жетті.

Сәуірде RAF лигасында еркін күрестен әлем чемпионы, қазақстандық Ризабек Айтмұхан өнер көрсеткен болатын. Алайда, титулдық жекпе-жегінде ол аты аңызға айналған Кайл Снайдерге есе жіберді.

Сондай-ақ, сол турнирде UFC-дің орта салмақтағы чемпионы Хамзат Чимаевтың да RAF промоушенімен келісімшартқа отырғаны белгілі болды.

Новости

Реклама