Последнее обновление

(Время обновление 20 минут назад)
Украина Ресейге "әуежай" бітімгершілігін ұсынуға дайын

Украина Сыртқы істер министрі Андрей Сибига Ресей мен Украинаның әуежайларына соққы жасаудан бас тарту туралы келісімге келуге Еуропа Одағының көмектесуін ұсынды. Бұл туралы Politico басылымына сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.

Министрдің айтуынша, Киев Ресейдің ірі әуежайларына шабуыл жасауы мүмкін деген қауіптің артуына байланысты Мәскеу бұл ұсынысты қарастыруы ықтимал.

Сибиганың пікірінше, дипломатиялық процесс баяулап, Ресей президенті Владимир Путин соғысты тоқтату туралы кеңірек келісімге келуге онша құлықты емес кезде, Украинаға бейбіт келіссөздерде "Еуропаның жаңа рөлі" қажет.

Ол Еуропалық серіктестер мұндай бітімгершілік форматын талқылау үшін жеке платформа немесе арнайы топ құра алатынын айтты. Украина президенті Владимир Зеленский бұл идеяны кейбір еуропалық көшбасшылармен талқылаған.

Дегенмен, Украина Еуропаны АҚШ-тың орнын басуды ұсынбайтынын атап өтті.

Сибиганың бұл ұсынысы бірқатар еуропалық көшбасшылардың Украина бойынша дипломатиялық келіссөздерге континенттің тікелей қатысуы қажеттігі туралы мәлімдемелерінен кейін айтылды.

Еске салайық, Украина 2022 жылғы 24 ақпанда Ресеймен соғыс басталғаннан кейін азаматтық авиация үшін әуе кеңістігін ресми түрде жапты. Содан бері елде тұрақты жолаушылар рейстері орындалмай келеді.

Новости

Реклама