Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
Ұлттар достығы
Тақырыбы: Ұлттар достығы
Мақсаты: Оқушыларға ұлттар достығы туралы түсінік беру. Біздің елімізде тұрып жатқан басқа да халықтардың озық дәстүрлерін, мәдениетін, өзіндік үлгі – өнегесін оқушылардың бойына сіңіру. Оқушылардың көп ұлтты Қазақстан халқының татулықпен бірлікпен өмір сүріп жатқаны туралы танымдық ойларын дамытып, өзге ұлт өкілдерін құрметтей білуге тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін ояту.
Көрнекілігі: Тақырып; Отан, бірлік, достық, ынтымақтастық туралы нақыл сөздер.
Техникалық көрнекілік: видеопроектор.

Барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгін бізде ерекше күн. Бүгінгі тәрбие сағатымыз «Біздің көшенің тұрғындары» бағдарламасы негізінде жүргізіледі. Сонымен қатар сабағымызға көптеген қонақтар қатысқалы тұр, сондықтан сабақты жақсы өткізуге ат салысуларыңыз, пікір алысуларыңыз сұралады.
Біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы: Ұлттар достығы.
«Достық – өмір үшін ең қасиетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашан да барлық игілікке түгел ие бол тұрса да, дос – жарансыз өмірді қаламақ емес» деп Аристотель атамыз айтқандай бүгінгі сабағымызда достық, ұлттар достығы жайлы талқылайтын, білетін боламыз.

ІІ. Негізгі бөлім.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Біздің көшенің тұрғындары, достық деген не, оны қайсысымыз қалай түсінеміз, соны айырып алайық. Сөз жоқ, достық – егер соны досың шын жүрегімен, жаны ашып істесе. Ал өтірік жаны ашыса, жала жапса қалай болады? Достық алдымен екі адамның бір – біріне адалдығы. Адалдықсыз достық болмайды. Сендер қалай ойлайсыңдар дос деген не? Дос қандай болуы керек?
Оқушылардың ойлары, пікірлері тыңдалады.

Назерке: Достық екен өмірде ең керегі,
Достық болып дүние дөңгеледі.
Өзендегі толқындар дос боп ақты,
Қанатымыздай жүгіріп кеудедегі.
Балалар, достық тағы кімдердің арасында болуы мүмкін?
Осы достық, татулық жайлы, ынтымақтастық туралы қандай мақал – мәтел білесіңдер?
Асылхан: Досы көпті жау алмайды, дау алмайды.
Жеміс: Жаман аттан аяғым артық,
Жаман достан таяғым артық.

Аружан: Доссыз өмір тұзсыз ас.
Фариза: Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын.
Жеңіс: Ынтымақ – достықтың бірлігі.
Меруерт: Татулық табылмас байлық.

Гүлмариям: Дос басқа қарар, дұшпан аяққа қарар.
Жақсы, балалар. Сендер достық жайлы біраз мақал – мәтелдер де біледі екенсіңдер. Ел арасындағы, ұлт арасындағы достық жайлы естідіңдер ме?
Кең байтақ еліміз – Қазақстанда 120 – дан астам ұлт өкілдері тұрып жатыр. Әрине, бұл деген қазақ халқының ұлылығынан, кеңдігінен, кеңпейілділігінен басқа ұлт өкілдерінің тұрып жатқан жайы бар.
Қазақ осы – айтатұғын елге сыр,
О, ағайын, халық емес ол кесір.
Қазақ осы – аңғал – саңғал жабусыз,
Қазақ осы – ағыл – тегіл көл – көсір.
Қазақ осы – дала дейтін, күн дейтін,
Қазақ осы – өнер алды тіл дейтін.
Қазақ осы – қарасың ба, ақсың ба,
Қоңырсың ба жатырқауды білмейтін, - деп Қадыр Мырзалиев ағамыз жырлағандай, ұлы қазақ даласында басқа да ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатыр. Сонымен қатар, олардың әрқайсысының қайталанбас діни және материалды мәдениеті, тарихы, салт – дәстүрі бар.
Қазақ Халықтарының Ассамблеясы Президенттің жарлығы бойынша 1995 жылы 1 наурызда құрылған. Ассамблея ұлт аралық достықты сақтау, мемлекеттік саясатпен ұштастыру, бірыңғай шешім қабылдауды қарастырады.
1990 жылы басталған халықтардың ұлттық салт – дәстүрлерін қалыптастыру жұмысына байланысты Қазақстанның түкпір – түкпірінде 352 бөлімшелер бар, 27 республикалық және аймақтық ұлттық мәдени бірлестіктері ашылды.
Алғаш рет республикалық көлемде кәріс, неміс, поляк, ұйғырлардың съездері болды. Татарлар мен башқұрттардың құрылтайы, өзбек, ұйғыр, түрік, дүнген, күрт, немістердің мәдени фестивальдары болып, онда олардың мәдени күндері белгіленген.
Міне, осы шаралардың арқасында көп ұлтты қазақ халқының экономикасы жақсарып, халық саны өсіп, түнгі ұйқылары тыныш болуда. Әр ұлттың мәдени орталығынан келген біздің көше тұрғындары не дер екен?

Меруерт: Біз тілейміз бар бөбекке,
Бақытты өмір сүргенін.
Туған елге еркелеп,
Қуанғанын күлгенін.
Сусынымыз қанады,
Өнер – білім нәрімен
Әлемдегі баланың,
Дос боламыз бәрімен.

Хор: Отан.
Орыс мәдени орталығының өкілі сіз не айтасыз?
Фариза: Здраствуйте!... Орыстар Қазақстан Республикасында 4479620 адам тұрады. Әлемде 147млн. Біздің елімізде ешқашан қақтығыстар мен төңкерістердің болмағанын қалаймыз. Жасасын, Қазақстан!

Аружан: Сары, ақпыз, қарамыз,
Бәріміз де баламыз.
Біз қалада тұрамыз,
Біз мектепке барамыз.
Өзбек мәдени орталығының өкілі сіз не дейсіз?
Ботагөз: Ар ма, халқым! Өзбекті сарт деп те атайды. Қазақстанда тұратын өзбек халқының саны – 370663.

Гүлнұр: Ақ, қара деп бөлмейміз,
Бір жыл туған төлдейміз.
Туысқанбыз, татумыз,
Биіктерге өрлейміз.

Замира: Тілегі бір, жүрегі бір,
Достармен біз біргеміз.
Туыс барда құрыштан да,
Берік біздің іргеміз.
Бақтығұлқызы Гүлнұрдың орындауында түрік биі.
Қырғыз мәдени өкілі сіз не дейсіз?

Жанболат: Мүмкіндікті пайдалана отырып, бәрімізге айтарым, қашанда жүзіміз жарқын, көңіліміз шат болып жүру үшін ұлтаралық ынтымақтастықты нығайту, жалған айтпай берген уәдені орындау басты парызымыз екенін ұмытпайық.
Жасасын достықты жақтаған қазақ елі!

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Бейнеу гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі
Молдағажиева Кенжегул Дәулетбекқызы

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Новости

Реклама