Tengrinews.kz / Турар Казангапов
- 17 февр. 2026 11:30
- 26
Ұлттық банк қазақстандықтарды алаяқтардан сақ болуға шақырды
Ұлттық банк қазақстандықтарды банк карталарының рұқсатсыз бұғатталуына қатысты телефон алаяқтығының жиілеп кеткені туралы ескертті.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алаяқтардың жаңа әдісі
Қылмыскерлер азаматтардың жеке деректерін ашық көздерден – фишинг сайттарынан, әлеуметтік желілерден немесе сауда алаңдарынан жинайды. Содан кейін олар клиент атынан банктердің байланыс орталықтарына хабарласып, картасының жоғалғанын хабарлайды. Бұл жағдай картаның дереу бұғатталуына әкеледі.
Осыдан кейін алаяқтар өздерін банк қауіпсіздік қызметінің немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырып, клиенттерге хабарласады. Олар картаны «қалпына келтіру» немесе ақшаны «қауіпсіз шотқа» аудару сылтауымен SMS-кодтарды, интернет-банкинг парольдерін және CVV/CVC кодтарын алуға тырысады.
Ұлттық банктің ұсыныстары
Егер сіздің картаңыз бұғатталса, тек банк картасының сыртындағы нөмір немесе мобильді қосымша арқылы ресми байланыс орталығына хабарласыңыз.
«Қаржы ұйымдарының қызметкерлері ешқашан парольдерді немесе SMS хабарламаларынан алынған кодтарды сұрамайтынын, сондай-ақ құрылғыға қашықтан қол жеткізуді орнатуды талап етпейтінін естеріңізге саламыз», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, алаяқтар банкоматтардың жанында «картаның бұғатталуы», оның зақымдалғаны немесе лимиттердің асып кетуі туралы айтып, ақшаны үшінші тұлғаларға аударуды сұрауы мүмкін. Бұл әрекеттер заңсыз болып саналады.
Қаражатыңызды қалай қорғауға болады?